Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Олимпиада жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Олимпиада ойындарының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтан COVID-19 анықталған. Қазір ол Талдықорғандағы облыстық ауруханада ем алып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының жүлдегері коронавирус жұқтырды
Фото: instagram.com/tenizbayev.nurbakhyt: UGC

Теңізбаевтың сөзінше, ол қазір өзін әлдеқайда жақсы сезінуде. Ол жағдайының жақсаруына дәрігерлердің үлесі зор екенін атап өтті.

"Иә, алынған сынама оң нәтиже көрсетті. Пневмония диагнозын қойды. Ауруханада емделіп жатқаныма бір апта болды. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Алғашқы күндері қиын болды: дене қызуым көтеріліп, қатты жөтелдім. Жедел жәрдем шақырдым. Дәрігерлер жақсы көмектесуде. Қазір көбі коронавируспен ауырып жатыр. Көз жұмғандар да бар. Сондықтан емделіп, денсаулықты күту керек", - дейді Нұрбақыт Теңізбаев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін үш рет қазақ күресінен әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы болған Айбек Нұғымаровтың коронавирус жұқтырып алғанын хабарлаған едік.

Сол кезде Нұғымаров өзі де бастапқыда коронавирустың барына іштей сеніңкіремегенін, бүгінде Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатқанын, вирустың кімнен, қалай жұққанын білемейтінін айтқан болатын.

Сонымен қатар ол ешқандай саясат та, ақша да емес коронавирустың шын мәнінде бар екенін жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862633-olimpiada-zldegeri-nrbakyt-teizbaevtan-koronavirus-anyktaldy/

pixel