Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Опубликовано:

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы журналист, жазушы Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ақпарат таратты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ақпарат пайда болды
Фото: facebook.com/Shamakhayuly: UGC

Агенттіктің жазуынша, журналист ауруханаға коронавирус күдігімен ауыр халде жеткізілген.

"1960 жылы туған науқас Шамахай Қуандықты 23 маусымда жедел жәрдем қызметі COVID-19 деген күдікпен ауыр халде ауруханаға жеткізді. Осы уақыттан бастап ол 1-ші көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды", - дейді мамандар. 

Дәрігерлер Қуандық Шамахайұлына ауыр дәрежедегі екіжақты полисегменталды пневмония диагнозын қойған. Ал емдеу шаралары клиникалық хаттама бойынша жүргізілген.

"Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады. 29 маусымда жүрегі тоқтап қалды. Өлімнің себебіне қатысты тергеу жүргізілуде, нәтижесі туыстарына хабарланады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бүгін белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден өткені хабарланды.

Бұл туралы ел ағасының әйелі Айша Тұрмағанбетова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазған.

Ал журналист қайтыс боларынан шамамен алты сағаттай бұрын өзіне "қастандық жасалуы мүмкін" екенін айтып, Facebook-те хабарлама қалдырған.

Ол Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 ауруханада коронавирустан емделіп жатқанын, түн ортасында дәрігерлер құжатқа қол қойдырып, дәрі ішкізгенін жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862636-kuandyk-samahajlyny-limine-katysty-zaa-derekter-sykty/

pixel