RU

Қазақстан биыл "Junior Eurovision" байқауына қатысады

Қазақстан биылғы 29 қарашада Польшада өтетін "Junior Eurovision Song Contest" халықаралық ән байқауына қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қазақстан 2020 жылғы "Junior Eurovision" байқауына қатысады
Фото: junioreurovision.tv: UGC

Қазақстанды байқауға үшінші мәрте қатыстыру туралы шешім Еуропалық хабар тарату одағында өткен жасырын дауыс беруден кейін қабылданған.

"Қазақстанның сайысқа қатысуға мүмкіндік алуы еліміздің ең ірі медиа холдингі саналатын "Хабар" Агенттігінің 2016 жылдан бері Еуропалық хабар тарату одағының мүшесі болуының арқасында мүмкін болды", – деді "Хабар" арнасынан.

Еске салайық, 2018 жылы Данелия Төлешова "Өзіңе сен" әнімен сайыста алтыншы орынды алған болатын.

Биыл қазақстандық жас әнші Данелия Төлешова АҚШ-та атақты America’s Got Talent шоуына қатысып жатқаны туралы жазған едік. Бұл жолы жас таланат өзінің ерекше дауысымен көрермендерді және әділқазылар алқасын тәнті еткен болатын.

Өткен жылы "Арманыңнан қалма" әнін орындаған Ержан Максим екінші орынға (қазылар алқасының шешімімен – бірінші) қол жеткізді.

Айта кету керек, Қасым-Жомарт Тоқаев та Ержан Максимді жеңісімен құттықтаған болатын.

Сондай-ақ, Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қуанышты эмоциясын жасыра алмай, жеңіспен оралған Ержан Максимді Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз конференциясы кезінде бетінен сүйіп алған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862683-kazakstan-biyl-junior-eurovision-bajkauyna-katysady/