Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда коронавирустан тағы бес адам көз жұмды

Опубликовано:

Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы бес науқас қайтыс болды. Осылайша, елде COVID-19 құрбанына айналғандар саны 188-ге жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда коронавирустан тағы бес адам көз жұмды
Фото: pixabay.com: UGC
"Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды.
Шымкент қаласынан 1969 жылы туған ер адам,
Қарағанды облысынан 1949 жылы дүниеге келген әйел адам,
Батыс-Қазақстан облысынан 1938 жылы туған әйел адам, 1981 және 1963 жылдары туған ер азаматтар",– делінген хабарламада.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 188 адам қайтыс болды.

Нұр-Сұлтан қаласы – 61

Алматы қаласы – 26

Шымкент қаласы – 15

Ақмола облысы – 14

Ақтөбе облысы – 4

Алматы облысы – 1

Атырау облысы – 6

Шығыс Қазақстан облысы – 4

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 10

Қарағанды облысы – 14

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 3

Павлодар облысы – 13

Солтүстік Қазақстан облысы – 2

Түркістан облысы – 9

Еске сала кетсек, өткен тәулікте тағы 547 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19-бен ауырғандар саны 21 327-ге жеткенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862687-kazakstanda-koronavirustan-tagy-bes-adam-kz-zmdy/

pixel