Қуандық Шамахайұлына қайтыс боларының алдында қандай дәрі бергені анықталды

Опубликовано:

Күні кеше қайтыс болғаны хабарланған белгілі журналист, қоғам белсендісі Қуандық Шамахайұлы әлеуметтік желідегі парақшасында көз жұмар алында күмәнді жазба қалдырған болатын. Ол өзіне дәрігерлердің белгісіз дәрі бергенін жеткізген еді. Аталмыш дәрінің атауын заңгер Ләззат Кендебайқызы анықтаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Қуандық Шамахайұлы/Facebook
Фото: Қуандық Шамахайұлы/Facebook: Instagram

Заңгер марқұмның отбасымен туыстай болып араласып кеткендіктен, осындай жағдайда қол қусырып үйде отыра алмағанын жеткізді. Оның сөзінше, Қуандық Шамахайұлының өлімінде шикілік көп.

"Түсінбейтін нәрселер көп... Ана қолхат не қолхат? "История болезни", диагноз, бәрін анықтаймыз. Бүге-шігесіне дейін тексеріп, іс қозғату жөнінде министрге, Бас прокуратураға ресми хаттар жазып жатырмын...

Бағана бірде-бір затын, тіпті ұялы телефонын да қолға бере алмаймыз деді. Анализ нәтижесі шығу керек екен. Неге кеш алынды, неге түн ортасында бір қағазға қол қойдырды? Көкейде сұрақ көп...

Айтпақшы, берген дәрілері "Алувиа" деген дәрі екен. Бәріне беріп жатырмыз деді. Тәуелсіз дәрігерлерден берген емі жөнінде де қорытынды аламыз. Тек сәл уақыт керек. Сабыр!" , - деді Ләззат Кендебайқызы Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше белгілі журналист Қуандық Шамахайұлының өмірден өткені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862722-kuandyk-samahajlyna-kajtys-bolaryny-aldynda-kandaj-dri-bergeni-anyktaldy/