Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанған ару тұрмысқа шықпақ (фото)

Опубликовано:

Джиу-джитсудан әлем чемпионы Мөлдір Мекенбаева жақында тұрмысқа шықпақ. Спортшы арудың сүйіктісі оған үйленуге ұсынысын өткен жылы жасап тастаған. Қос ғашық дүбірлі тойды 2020 жылдың мамырында өткізуге ниетті болды. Алайда, коронавирус пандемиясы олардың жоспарының күл-талқанын шығарған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/mekenbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/mekenbayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Көпшілікті сұлулығымен тәнті еткен спортшы ару жеке өміріндегі жаңалығымен Instagram желісінде бөліскен. Мөлдір Мекенбаева парақшасына алғаш рет ғашығымен түскен суретін жүктеп, үйлену тойына қатысты жоспарын айтып берді.

Белгілі болғандай, қос ғашық үйлену тойын тек ет-жақындарының арасында шетелде өткізгісі келген. Олар Доминикана еліне қырық адаммен барып тойлап қайтпақ болды. Алайда, елімізде жарияланған ТЖ режимі салдарынан бұл жоспар іске аспаған.

"Мен бала күнімнен бері үйлену тойымды армандап өскен қыздардың бірімін. Өмірімдегі бақытты күннің қалай өтетінін елестетіп жүретінмін. Мен дүбірлі тойды аңсаған жоқпын. Тек ет-жақындарыммен бірге жағалауда өткізгім келді. Қонақтардың барлығы ақ түсті киімде және үстелде шамдар болғанын қаладым. Бұл сәтте самал жел соғып, әуезді әуен ойнап тұру керек. Бірақ, бұл кеште міндетті түрде қазақи стилді де қосқым келді. Солай жоспарлап та қойып едім.
Біз "Сырға салу" мен "Құдалықты" сәуір айында дәл менің туған күнімде өткізіп, "Ұзату тойды" мамыр айында өткізу керек болғанбыз. Оған қоса, қырық адаммен бірге Доминикана еліне жолдама сатып алдық. Біз үйлену тойын теңіз жағалауында атап өтпек болдық. Бәрімен келісіп қойдық. Киімдерді таңдап, сол күнді асыға күттік. Бірақ, әлемдегі төтенше жағдай салдарынан менің бар жоспарым құрыды. Біз той күндерін басқа уақытқа шегеріп тастадық. Алайда, жақындармен бірге үйлену тойын өткізу туралы ой маған тыныштық берер емес" , - деп жазды Мекенбаева.

⠀ ⠀

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862730-dziu-dzitsudan-lem-cempiony-atangan-aru-trmyska-sykpak-foto/

pixel