RU

Алмазбек Атамбаевтан екіжақты пневмония анықталды

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторынан екіжақты пневмония диагнозымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Атамбаевтан екі жақты пневмония табылды
Алмазбек Атамбаев. Фото ресми сайттан алынды: UGC

29 маусымда Атамбаев денсаулығының нашарлауына қатысты шағымданып, соған байланысты одан COVID-19-ға ПТР-сынама алынған. Бірақ тест нәтижесі теріс болып шыққан.

"Дәл сол күні дәрігерлердің онлайн-кеңесі өтті, содан кейін оған "екіжақты пневмония" диагнозы қойылды. Осыған байланысты, дәрігерлер кеңесі Атамбаевты стационарлық емдеу үшін ауруханаға ауыстыру туралы шешім қабылдады", – деді баспасөз хатшысы.

Мемлекеттік комитетте нақтылағандай, МҰҚК тергеу изоляторы қалыпты режимде жұмыс істейді. МҰҚК тергеу изоляторының барлық қызметкерлері COVID-19 инфекциясына тексеруден өтті, олардың арасында коронавирус расталған жоқ.

Қырғызстандағы ең ірі социал-демократтар парламенттік партиясының жетекшісі Атамбаев билікті 2017 жылы президент сайлауының қорытындысы бойынша Сооронбай Жээнбековке берді.

Еске салсақ, криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевқа қатысты сот үкімі шыққан болатын. Үкім бойынша ол 11 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862759-atambaevtan-ekizakty-pnevmonia-anyktaldy/