Қатаң карантинге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі екі нұсқаны ұсынып отыр

Опубликовано:

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте елімізде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайға әсер етудің екі нұсқасы қаралып жатқанын айтты. Елде не карантин не қатаң шектеу шаралары енгізіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қатаң карантинге қатысты Денсаулық сақтау министрлігі екі нұсқаны ұсынып отыр
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, Қазақстан үшін ыңғайлы нұсқаны таңдағанда, билік елдегі індетті ғана емес, сонымен бірге бизнеске әсерін де ескереді.

Министрлік екі нұсқаны - карантиндік немесе қатаң шектеулерді ұсынып отыр. Соңғы шешімді үкімет жанындағы мемлекеттік комиссия қабылдайды. Ол жақын арада жарияланады.

Еске салайық, бұған дейін Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты үш сценарийді атаған болатын.

Бірінші: Қазақстан карантин енгізбейді. Онда елде күніне вирус жұқтырған, ауруханаға жатқызуды қажет ететін шамамен 27 мың адам тіркеледі. Оларды ауруханаға жатқызу үшін 300 мың төсек-орын керек.

Екінші: 2 аптаға ұлттық локдаун енгізіледі. Бұл жағдайда күніне коронавирус жұқтыру дерегі 7 мыңға дейін жетеді. Ауруханаларға 80 мың төсек-орын қажет болады.

Үшінші: 4 аптаға локдаун енгізіледі. Күнделікті жаңа пациенттер саны 2,5 мың болады. Ауруханаларда 30 мың төсек-орын қажеттілігі туындайды.

Сонымен қатар министр елдегі жағдайға талдау жасап, коронавируспен күрес жоспарын ұсынғанын да хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862767-coj-kata-karantin-zajly-densaulyk-saktau-ministrligi-eki-nskany-synyp-otyr/