Денсаулық сақтау министрі қазақстандықтарға үндеу жасады
Опубликовано:
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы қазақстандықтарды коронавирус инфекциясынан қорғайтын бес ережені еске салды. Олардың арасында құшақтасу мен қол ұстасудан бас тарту да бар. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр тұрғындар арасында COVID-19 тарату тізбегін бұзу үшін қосымша шаралар қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алексей Цой коронавирустың таралмауының алтын ережелері ретінде маска тағып, қолғап киюді, қолды жууды, әлеуметтік қашықтықты сақтап, қоғамдық орындарға барудан, сондай-ақ құшақтасу мен қол алысудан бас тартуды атады.
Министрдің айтуынша, өмірді сақтап қалатын бұл ережелер барлығына таныс. Алайда, қазақстандықтар оларды елемейді, ал инфекция адамдар арасында таралып жатыр.
Цой коронавирустың белсенді таралуына байланысты елге бірқатар қосымша шаралар қажет екенін айтып, қазақстандықтарға үндеу жасады. Оның ойынша, бұл инфекцияның "тарату тізбегін" бұзып, эпидемияны тұрақтандырады.
Ол үкімет жоспарының жай-жапсарын айтпай, тек карантин мен қатаң шектеу шаралары арасында таңдау болатынын еске салды. Екі нұсқаны да мемлекеттік комиссия қарап, жақын күндері түпкілікті шешімді жариялайды.
Еске сала кетсек, күні кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсынысты әзірлеуді тапсырған болатын.
Бүгін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингте елімізде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайға әсер етудің екі нұсқасы қаралып жатқанын айтты.
Елде не карантин, не қатаң шектеу шаралары енгізілуі мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862793-densaulyk-saktau-ministri-kazakstandyktarga-ndeu-zasady/