Із-түссіз жоғалған ақмолалық әйел Нұр-Сұлтанда ауруханадан табылды
Опубликовано:
Ақмола облысында жоғалған 40 жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханадан табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ерейментау аудандық ПБ-не жергілікті тұрғын - 40 жастағы әйелдің туыстары хабарласып көмек сұраған.
Туыстарының сөзінше, әйел адам 15 маусымда үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.
«Жедел-іздестіру кезінде тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған әйелдің елордағы медициналық мекемелердің бірінде болғанын анықтады», - дейді ведомстводан.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлері 12 маусым күні жоғалған Степногор қаласының тұрғыны 27 жастағы әйелдің жүрген жерін анықтады.
Келіншек үйінен кеткеннен бері жақындарымен байланысқа шықпаған.
«Анықталғандай, әйел Қарағанды қаласында болған, оған қатысты қылмыс немесе қандай да бір құқық бұзушылық жасалған жоқ. Онымен профилактикалық әңгіме өткізілді», - деп толықтырды ведомстводан.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары өңір тұрғындарына ұзақ уақытқа басқа жаққа кеткен кезде жақындарына ескертуді сұрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862850-iz-tssiz-zogalgan-akmolalyk-jel-nr-sltanda-auruhanadan-tabyldy/