Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 96 жастағы әжей мен 85 жастағы қарт кісі неке қидырды

Опубликовано:

Оңтүстік астанада 85 жастағы Андрей Михайлович 96 жастағы Елена Ивановнаны жар етіп алды де хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда 96 жастағы әйел мен 85 жастағы ер адам некелерін қидырды
Фото: Видеодан кадр: UGC

Қос ғашық бірін-бірі 35 жыл таниды. Олардың махаббат хикаялары бірнеше жылдан бері созылып келеді. Алайда олар тек биыл некелерін қидыртып, ерлі-зайыпты атана алды.

Карантиннің салдарынан неке қию рәсімі ЗАГС-тің салтанатты ғимаратында өткен жоқ. Олар кішігірім терезеден ғана куәліктерін алып, бір-біріне жүзік тақты.

Қос ғашықтың махаббат хикаясы 1985 жылы басталды. О баста олар дос болып жүрген. Айтуларынша, сол жылдары Елена Ивановна зейнетке шыққан, бірақ үйде жай отыра алмағадықтан жас техниктердің бекетіне жұмысқа тұруды шешіпті.

Олар дәл сол жерде танысыпты.

Андрей Михайлович балаларға әртүрлі үлгілерді (ұшақ, ғарыш кемесі) жасауды үйретті. Ер адам жас буынның құрастыруға деген қызығушылығын оятты. Елена Ивановнаға бұл өте ұнады.

Әйелдің өзі шығармашылық адам, ол бір кездері опералық хорда ән айтқан.

Естеріңізге сала кетейік, 70 жыл бойы өрт сөндіріп келген ескі достардың жұртты тәнті еткенін жазған едік.

Екі қарияның достастығы өткен ғасырдың ортасында басталған еді. Бүгінгі таңда Билл мен Альберт жүзден аса өртті сөндірді. Алайда 2019 жыл олар үшін ең ауыр жыл болды. Себебі Австралияда ормандардың басым бөлігі өртке оранды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862890-almatyda-96-zastagy-zej-men-85-zastagy-kart-kisi-neke-kidyrdy/

pixel