Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда 30 мың адамнан құрылған педофилдер желісі әшкереленді

Опубликовано:

Германияда, Солтүстік Рейн-Вестфалия федералды аумағында полиция балаларға қатысты зорлық-зомбылық әрекеттері бейнеленген контент тарататын үлкен педофилдік желіні әшкереледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап.

Германияда 30 мың адамнан құрылған педофилдер желісі әшкереленді
Көрнекі фото: time.kz: Facebook

Киберқылмысқа қарсы бөлім қызметкерлері алдын ала болжам бойынша 30 мыңға жуық адамды қамтыған интернет-желінің соңына түсіп, әшкерелей алған.

Қазір тәртіп сақшылары барлық педофилдерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бүгінге дейін тәртіп сақшылары бүкіл Германия бойынша 70 адамды анықтаған.

Тергеу өткен жылдың қазан айында Кельн қаласының маңындағы Бергиш-Гладбах муниципалитетінде күдіктіні қамауға алудан басталды.

Мамыр айында қылмыскер, 27 жастағы әскери қызметкер 10 жылға сотталып, белгісіз мерзімге психиатриялық мекемеге қамалды.

Соңғы бір жарым жыл ішінде Германияда балаларға қатысты жыныстық қылмыстар толқыны болған. Осы айда 11 адам балаға зорлық-зомбылық жасады және әрекеттерін видеоға түсірді деген күдікпен қамауға алынды.

Тергеушілер 5, 10 және 12 жастағы кемі үш баланы анықтады.

Еске салсақ, Ақмола облысында үш ер адам 12 жасар қызды зорлады деген күдік барын жазған едік. Мектеп оқушысының анасы олардың біреуін ұстап алғанын және оның бар кінәні мойындағанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862900-germaniada-30-my-adamnan-krylgan-pedofilder-zelisi-skerelendi/

pixel