Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуроодақ Қазақстан үшін шекарасын әзірге ашпайтын болды

Опубликовано:

Еуроодақ әзірге Қазақстан үшін шекараны ашпайтын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Еуроодақ әзірге Қазақстан үшін шекараны ашпайтын болды
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Еуроодақ 1 шілдеден бастап 15 мемлекетке шекараларын ашуға дайын. Билік пікірінше, Австралия, Канада, Жапония және Оңтүстік Корея коронавирустың таралуына шектеу қойған қауіпсіз елдер деп саналады.

Алайда бұл тізімге АҚШ, Бразилия және Қытай енгізілмеген. Дегенмен, Еуроодақ билігі аспанасты еліне шекарасын ашуға ынталы. Ол үшін Қытай Халық Республикасы еуропалықтарға тап осындай құқық беруі шарт.

Айта кетейік, өткен тәулікте тағы 489 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 22 308-ге жетті.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, 30 мусым күні елімізде симптомы бар 489 науқас, ауру белгілері жоқ 1115 адам тіркелген. Өсім республика бойынша 2,5 пайызды құрады. Деректер бойынша елімізде қауіпті сырқатты 13 мыңнан астам науқас жеңіп шықса, 188-i вирус салдарынан көз жұмған.

Соңғы өлім жағдайлары Шымкент қаласы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облысында тіркелген.

Күні кеше денсаулық сақтау министрлігі коронавирус тарауына байланысты елдегі жағдайға талдау жасап, 10 негізгі шараны ұсынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862926-euroodak-kazakstan-sin-sekarasyn-zirge-aspajtyn-boldy/

pixel