Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парацетамолды күніне неше рет ішуге болатынын білесіз бе

Опубликовано:

Халық арасында жоғары сұранысқа ие препараттар дәріханаларға жеткізіліп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау министрінің орынбасары Людмила Бюрабекова мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original
"Қазіргі кезде парацетамолды дәріханаларға таратып жатыр. Алматыда бар, Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында сатылуда. Алдағы екі-үш күнде басқа аймақтарға да жеткізіледі", – деді Бюрабекова.

Вице-министрдің айтуынша, температураны басқа да стероидты емес препараттармен түсіруге болады. Мәселен, Ибупрофен бар.

"Бірақ парацетамол болсын, Ибупрофен болсын, бәрін тек нұсқаулықпен ғана қабылдау қажет. Себебі бауырға уытты әсері бар. Сондықтан ондай препараттарды күніне үш-төрт рет қана қабылдауға болады", – деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ ведомство басшысының орынбасары бүгінде "Ингавирин" препаратының 70 мың қаптамасы сатып алынғанын, ол осы аптаның ішінде Қазақстанға жеткізілетінін тілге тиек етті.

"Сонымен қатар "Тамифлю" препаратының 49 мың қаптамасын сатып алдық. Ол да аптаның аяғына дейін дәріханаларға түседі", – дейді Бюрабекова.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің орынбасары ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте елдегі коронавирустан болған өлім-жітім статистикасының неліктен азайғанын түсіндіріп өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862964-paracetamoldy-knine-nese-ret-isuge-bolady/

pixel