Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Африкада коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты

Опубликовано:

Африкада жаңа типтегі коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Африкада коронавирус жұқтырғандар саны 400 мыңнан асты
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өңірлік өкілдігінің мәліметінше, құрлықта COVID-19-дан қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асқан.

Ұйым ақпарынша, Африкада коронавирус жұқтырғандар саны 403 692 адамды құрап отыр. Қайтыс болғандар саны - 10 126.

COVID-19 диагнозы расталғандардың 151 209-ы Оңтүстік Африка Республикасында, 68 311-і Мысырда тіркелген. Ал қайтыс болғандар саны бойынша Мысыр (2953) мен ОАР (2657) көш бастап тұр.

Ал еліміздегі жағдайға келсек, жалпы Қазақстанда COVID-19 анықталғандар саны 41 065-тен асқан.

Өткен тәулікте коронавирус белгілі бар 489, ауру белгілері жоқ 1115 адам тіркелген.

Сонымен қатар елімізде коронавирустан 13 558 пациент жазылып шықса, 188 адам қайтыс болған. Соңғы өлім жағдайлары Шымкент қаласы мен Қарағанды, Батыс Қазақстан облысында тіркелген.

Айта кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Нгой Нсенга Африка елдерінде Эбола безгегі қайта өршуі мүмкін екенін айтқан еді.

Нсенганың сөзінше, мәселенің негізгі шешімі вакцина болмақ. Сонымен қатар ол аурумен күреске қыруар қаржы кететінін де атап өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863023-afrikada-koronavirus-zktyrgandar-sany-400-mynan-asty/

pixel