Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар екі апта ішінде 10 млрд теңгеге дәрі-дәрмек сатып алған

Опубликовано:

Коронавирус пен пневмонияның таралуы жөніндегі ақпараттардан кейін қазақстандықтар дәріханалардан түрлі препараттарды жаппай сатып алуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, қазақстандық дәріханалар жаздың алғашқы 2 аптасында 10 миллиард теңгеден астам табыс тапқан.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Мемлекеттік кірістер комитеті аталған соманың тек онлайн-БКМ деректеріне ғана негізделгенін атап өтті. Ревизорлардың айтуынша, нақты сома бұдан әлдеқайда жоғары: фармацевтикалық бизнеспен айналысатындардың көбісі өз табыстарын жасырады.

Республика бойынша "дәріхана" қызмет түрін көрсете отырып, барлығы 3 527 кәсіпкер, 7 674 онлайн-БКМ тіркеген. Онлайн-БКМ енгізу салық есептілігін күтпестен, айналымдар сомасын ғана емес, өткізілген тауар, жұмыс немесе қызмет үшін есеп айырысу кезінде оны қолданбайтын кәсіпкерлерді де мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Мысалы, 868 дәріхана иелерінің онлайн-БКМ қолданбайтыны аңықталды, бұл ретте олар өз қызметін тоқтатқан жоқ.

Жалпы, 3 527 дәріхананың ішінен 60% немесе 2137 дәріхана нақты айналымдарын көрсетті.

Осыған орай мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.

Айта кетейік, бұған дейін пневмонияға шалдыққан атасының денсаулығына алаңдап, қолда бар заттармен өкпені жасанды желдету аппаратын жасап шыққан маңғыстаулық оқушы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863025-kazakstandyktar-eki-apta-isinde-10-mlrd-tegege-dri-drmek-satyp-algan/

pixel