Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде пневмониядан тағы 4 адам қайтыс болды

Опубликовано:

Ақтөбеде пневмониядан тағы 4 адам көз жұмған. Осылайша облыс көлемінде өкпе қабынуы дертінен қайтыс болғандар саны 66 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбеде пневмониядан тағы 4 адам қайтыс болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жалпы бүгінде өңірде пневмонияға шалыдққандар саны 246-ға жеткен. Дегенмен дәрігерлер аймақта пневмония бойынша жағдай тұрақтанып келе жатқанын айтады.

Жағдайды жан-жақты түсіндірген облыс әкімінің кеңесшісі салыстырмалы түрде ахуалдың оңалып келе жатқанын жеткізді.

"Алдыңғы апталардан қарасақ бір күннің өзінде 200-ге жуық адамды бізге пневмониямен әкелген болатын. Қазір үш күнде 246 адам, оның 56 кеше түсіп отыр. Сондықтан ойлаймыз, пневмония байланысты эпидемиологиялық жағдай бірте-бірте тұрақтанып келе жатыр деген сенімдеміз", – дейді облыс әкімінің кеңесшісі Әсет Қалиев.

Б. Рақметова

Естеріңізге сала кетейік, бүған дейін Маңғыстау облысында пневмониядан бір тәулікте 19 адам көз жұмғанын, ал Ақтөбе облысында бір айда 62 адамның қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Айта кету керек, жалпы ел бойынша пневмониямен ауыратын науқастардың саны күннен күнге артып келеді. Ал сарапшылар пневмония дертінің өршуін коронавируспен байланыстырып отыр.

Мәселен иммунолог Рафаил Розенсонның айтуынша, бұрын-соңды жаз мезгілдерінде пневмонияның көптеген жағдайлары мұндай ауқымда тіркелмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863054-aktbede-pnevmoniadan-tagy-4-adam-kajtys-boldy/

pixel