Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезінде қандай қызмет түрлеріне рұқсат бар

Опубликовано:

Елімізде 14 күнге енгізілетін шектеуге байланысты кейбір нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат етеліген. Тек оларға алдын ала жазылуға тура келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

14 күндік шектеу шаралары кезінде алдын ала жазылу бойынша, медицина орталықтарының, дәріханалардың, азық-түлік дүкендерінің, ашық базарлардың қызметі сақталады.

Сонымен қатар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келесі нысандардың жұмыс істеуіне рұқсат.

  • ашық ауада қоғамдық тамақтану нысандары;
  • үздіксіз өндірістік айналымы бар құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындары, ашық ауадағы құрылыс жұмыстары;
  • ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығы жұмыстары;
  • халыққа қызмет көрсету салалары, оның ішінде авто жуу, автомобильдерді және тұрмыстық техниканы жөндеу, Халыққа қызмет көрсет орталықтары, екінші деңгейлі банктер.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863112-karantin-kezinde-kandaj-kyzmet-trlerine-rksat-bar/

pixel