RU

5 шілдеден бастап карантин енгізіледі: Ұшақ пен пойыз қозғалысы шектеле ме

Үкімет жанындағы мемлекеттік комиссия алдағы екі аптаға белгіленген қосымша карантин шараларын бекітті – олар 5 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл күндері Қазақстанда ұшақ пен пойыздардың қатынасына тыйым салынбайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов: Original

Ұшақтар мен пойыздар

Халықаралық әуе қатынастарына шектеу қойылмайды – Қазақстаннан өзге елдерге ұшуға болады.

Бір ғана шектеу – әуе қатынасы жүргізілетін елдер тізімі әзірге кеңейтілмейді. Бұған дейін көліктегі бас санитарлық дәрігер қазақстандықтардың қай елдерге ұша алатынын айтқан болатын.

Еліміздің ішінде де ұшақпен және пойызбен қатынауға болады – алайда, бұл ретте бірқатар шектеулер бар екені хабарланды. Әзірге олар аталмай отыр.

Автобустар

Ел ішінде автобустармен қатынауға болмайды – аталған көлікпен қалааралық сапарларға 2 аптаға тыйым салынды.

Ал қала ішіндегі қоғамдық көліктердің қозғалыс уақыты шектеледі – нақты кестені билік өкілдері кейінірек ұсынады.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралған болатын.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шараларын енгізу бойынша ұсынылатын шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863147-5-sildeden-bastap-karantin-engiziledi-sak-pen-pojyz-kozgalysy-sektele-me/