RU

"Енді қалғаны медицинаны оқу": Сұлтанқызы халықты өзін-өзі емдеуге шақырды

Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус пандемиясына қатысты жағдайдың өршіп кеткеніне күйінді. Күн сайын қауіпті індеттен бір танысының көз жұмып жатқаны ақпарат өкілінің көңіліне қаяу түсіруде. Ол адамзат енді аты жаман ауралармен өзі күресу керек екенін айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/sultankyzy
Фото: Instagram/sultankyzy: Instagram

Ләйлә Сұлтанқызы жиырма бірінші ғасырда медицина саласы дамып жатқанына күмәнданып қалды.

Тележүргізуші бүгінде көпшілікке дәрігерлерге сенім артпай, жаппай медицинаны оқуға кеңес берді.

"Қаралы хабардан шаршадым. Журналистика саласынан өз әріптестерім де бақилық боп жатыр. Кезінде бірге бастаған Жанат Қалықовтың қайтыс болғанын естіп, өксігім кеудемді ашытып, қатты жыладым. Күні кеше ақын, журналист Қайрат Дүйсен де өмірден озды.
21 ғасырда медицина дамыды дегені қайда? Неге ел сандалып кетті? Мың сұраққа ең болмаса бір жауап табыла ма? Ендігі қалғаны бәрімізге базалық медицинаны оқу. Өзімізді өзіміз емдеу" , - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін тележүргізуші Динара Сәтжанның нағашы апасы коронавирустан қайтыс болғанын хабарлаған болатынбыз. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі парақшасының көмегімен жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863158-endi-kalgany-medicina-oku-sltankyzy-halykty-zin-zi-emdeuge-sakyrdy/