Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Он төрт күн карантин: Қазақстандықтарға 42 500 теңге тағы төлене ме

Опубликовано:

Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төлене ме деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Көпшіліктің көкейінде жүрген сауалға Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында жауап қатты.

Оның сөзінше, әлеуметтік төлем азаматтарға елде төтенше жағдай жариялануына байланысты төленгенін атап өтті.

"Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін оған ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Сол себепті азаматтар әрі қарай мүмкіндігінше жұмыс істеген жерлерінде қызметін жалғастыруы тиіс. Осы жағдаймен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын", - деді Тоғжанов.

Сонымен қатар, үкімет басшысының орынбасары қалалар арасындағы блок-посттар болмайтынын айтты.

"Қозғалысқа ешқандай анықтамалар керек емес. Екіншіден, қалалар мен өңірлер арасында блок-посттар орнатылмайды", - деді премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863175-on-trt-kn-karantin-kazakstandyktarga-42-500-tege-tagy-tlene-me/

pixel