Қазақстанда сауда орталықтары жұмыс істей ме: Тоғжанов жауап берді
Опубликовано:
Елімізде 5 шілдеден бастап 14 күнге қатаң шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды. Осы орайда премьер-министр Ералы Тоғжанов бүгінгі онлайн-брифинг барысында Қазақстандағы сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыс тәртібі жайында әңгімеледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоғжанов эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті нысандардың, соның ішінде сауда-ойын сауық орталықтарының жұмысы тоқтатылатынын мәлімдеді. Бірақ шектеу шараларының сауда орталықтарында орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға қатысы жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Ералы Тоғжанов коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өткен еді.
Вице-премьер елдегі күрделі жағдайдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты.
Сондай-ақ бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.
Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.
Денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг барысында қазақстандықтардың 5 шілдеден бастап күшіне енетін қатаң карантин шараларына түсіністікпен қарайтындарына үміттенетінін мәлімдеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863197-kazakstanda-sauda-ortalyktary-zmys-istej-me-togzanov-zauap-berdi/