Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулықтар медицина қызметкерлеріне күнделікті түскі ас таратуда

Опубликовано:

Ақ халатты абзал жандардың көңілін ауламақ ниетте жасалған игі іске атыраулықтар мен жергілікті кәсіпкерлер қолдау көрсетіп, қаражат жинаған. Ұйымдастырылған акция аясында 650 медицина қызметкеріне ыстық тамақ берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pexels.com
Көрнекі сурет: pexels.com: Facebook

Қайырымдылық шараға мұрындық болған "KomekAtyrau" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Еркебұлан Серікқалиевтің айтуынша, ыстық тамақ облыс орталығындағы медициналық мекемелерге кезекпен жеткізілуде.

"Кейде өзіміз қарбалас кезеңде түскі ас ішуді ұмытып кетіп жатамыз. Ал, індетпен күресіп жатқан осындай қиын кезеңде дәрігерлердің тамақ туралы ойлауға уақыттары да жоқ. Десе де, оларға күш керек, халықтың қолдауы да аса маңызды. Сол себепті бұл бастаманы жүзеге асырып отырмыз. Бүгін акциямыздың алтыншы күні", - дейді Еркебұлан Серікқалиев.

Айта кетейік, осыған дейін облыс тұрғындары мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен "KomekAtyrau" қоғамдық бірлестігі 300 отбасын тамақпен қамтамасыз етті.

Сондай-ақ 2 мүмкіндігі шектеулі жанның отбасына және шалғай ауылдардағы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қаржылай көмек көрсеткен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыдағы уақытша карантиндік аурухана орналасқан наркологиялық диспансердің алдына науқастардың көп келуіне байланысты ондаған жедел жәрдем көліктерінен кептеліс пайда болғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863203-atyraulyktar-medicina-kyzmetkerlerine-kndelikti-tski-as-taratuda/

pixel