Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда түрмеде болған оқиғадан кейін бірнеше шенді қызметінен қуылды

Опубликовано:

Көкшетауда абақтыда болған төтенше жағдайға қатысты бірқатар шенділер қызметінен қуылды. Бірақ қылмыстық іс әлі тергеліп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Көкшетауда бірнеше шенді қызметінен қуылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Әкімшілік қамауда отырған 6 адамның бір мезетте ес-түзсіз ауруханадан шыққаны бұған дейін хабарланған.

Төртеуі сол ауруханада ес жимастан бақилық болды.

Қызметтік тексерістен кейін Ақмола облыстық полиция департаментіне қарасты қабылдап-тарату мекемесі бастығының орынбасары мен сол күні кезекшілік атқарған 3 қызметкер де ішкі істер органынан қуылды.

Абақтының 3 қызметкеріне қатысты "қызметтегі әрекетсіздіктер" бабымен тергеу басталды.

Көкшетау қалалық полиция басқармасы басшылары да жазадан құтылған жоқ. Олар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бірақ адам өліміне әкелген жағдайдың нақты неден болғанын әзірге полициядағылар айтпай отыр.

Еске салсақ, абақтыдан жеткізілген 6 науқас та – әкімшілік жазасын өтеп жатқандар. Негізінен жол жүру ережесін бұзып жаза кесілгендер екен. Бір камерада отырған.

Таңға жақын барлығының денесі құрысып, естен танып, тіпті денелері күп болып ісіп кетіпті.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында екі әйелді асқан айуандықпен өлтіріп, қашып кеткен күдікті өзіне қол салғаны туралы жазған едік. 54 жастағы Өзбекстан азаматын іздеуге бір айдан аса уақыт жұмсаған полицейлер жақында оның асылып тұрған мәйітін тауыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863242-kksetauda-trmede-bolgan-okigadan-kejin-birnese-sendi-kyzmetinen-kuyldy/

pixel