Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"3 жыл бойы зорлады": Түркістанда 14 жасар қыз өгей әкесінің азғындықтарын айтты

Опубликовано:

Түркістандық 14 жастағы мектеп оқушысы өгей әкесі оны үш жыл бойы зорлағанын мәлімдеді. Мұның бәрі 2016 жылы, қыз 6-cыныпта оқып жүрген кезде басталған екен. Полиция қазір қылмыстық істі тергеуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"3 жыл бойы зорлаған": Түркістанда қыз өгей әкесі туралы айтты
Көрнекі фото: profimedia.cz: Facebook

Қыздың айтуы бойынша, ол бірінші кезекте сіңлісінің өміріне алаңдағандықтан шындықтың бәрін жайып салуды жөн көрген деп жазады Otyrar.kz.

Жеткіншек алғаш рет өгей әкесі 2016 жылы өзін мазалап, азғындыққа жол бергенін есіне алады. Содан кейін, оның айтуынша, ер адам қызды өзінің айтқанын істеуге мәжбүрлеген екен. Жасөспірім қорқып, оның бар айтқанын жасаған.

Қыздың айтуынша, екі жылдан кейін өгей әкесі үйде ешкім болмаған сәтті пайдаланып, оны үлкендердің жатын бөлмесіне апарып, шешіндіріп, артынша зорлаған.

Жасөспірімнің айтуы бойынша, анасы күйеуінің бірнеше рет азғындық әрекет жасағанын білген көрінеді, алайда одан ештеңе өзгермеген, бәрі де әрі қарай жалғаса беріпті.

Шыны керек, жеткіншек қыз артында өсіп келе жатқан сіңлісінің өмірін ойлап, осындай шешім қабылдаған. Ол сіңлісінің өмірінде жаман сәттердің болғанын қаламайтынын айтады.

Бұл қорқынышты оқиға туралы алғашқылардың бірі болып мектеп оқушысының әпкесі білген. Әйел жағдай туралы естігенде жүрегі су еткенін айтады. Бәрінен бұрын, ол анасының мұның бәрін біле тұра, қызын қорғау үшін ештеңе істемегеніне таңғалған.

Қазір психолог мектеп оқушысымен жұмыс жасауда.

Маман қыздың бойында қорқыныш бар екенін айтады, бірақ қыз барлық жаман нәрсені жүрекке қабылдамайтын темперамент түріне жатады екен.

Жасөспірімнің анасы мен өгей әкесі тілшілермен сөйлесуден бас тартқан.

Енді оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр. Өңірлік ПД-де олар қыздың туған әкесінің арызын қабылдағандықтарын айтты.

Бұл іс сексуалдық зорлау туралы бап бойынша тергеліп жатыр. Кәмелетке толмаған қыздың өгей әкесі күдікті ретінде тіркелген. Сараптамалар жүргізіледі. Содан кейін тәртіп сақшылары процессуалдық шешім қабылдайды.

Еске сала кетсек, жеті жасында туыстарының балалары зорлаған ару жан сырын ақтарған еді. 20 жастағы бойжеткеннің айтуынша, жантүршігерлік жайттан кейін ол адамдарға сенуден қалған. Тіпті, қазір ауылы мен туыстарын көргісі келмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1863262-3-zyl-bojy-zorlady-trkistanda-14-zasar-kyz-gej-kesini-azgyndyktaryn-ajtty/

pixel