Тағы 1501 жағдай: Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 44 мыңнан асты
Опубликовано:
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1501 адам тіркелді.Осылайша, елде COVID-19 диагнозы расталғандар саны 44 075-ке жетті деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Комиссия Қазақстанда коронавирус бойынша 2020 жылдың 2 шілдесінде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай туралы мәлімет ұсынды.
Өткен тәулікте тіркелген 1501 науқастың 496-сында ауру белгілері бар, ал 1005-інде ауру бегілері жоқ.
Нұр-Сұлтан қаласы - 119
Алматы қаласы - 206
Шымкент қаласы - 100
Ақмола облысы - 46
Ақтөбе облысы - 59
Алматы облысы - 123
Атырау облысы - 327
Шығыс Қазақстан облысы - 91
Жамбыл облысы - 65
Батыс Қазақстан облысы - 50
Қарағанды облысы - 77
Қостанай облысы - 48
Қызылорда облысы - 25
Маңғыстау облысы - 78
Павлодар облысы - 37
Солтүстік Қазақстан облысы - 21
Түркістан облысы - 29
Осылайша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 44 075-ке жетті.
Еске сала кетейік, премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру шаралары қаралды.
Соған сәйкес, Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілетіні белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863270-tagy-1501-zagdaj-elimizde-koronavirus-zktyrgandardy-sany-44-mynan-asty/