RU

Елімізде коронавирусты жеңіп шыққандар саны 15 мыңнан асты

Қазақстанның 13 өңірінде коронавирус инфекциясынан 415 адам айығып, ауруханадан шықты. Осылайша, елімізде COVID-19 дертінен емделгендер саны 15276-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Елімізде коронавирусты жеңіп шыққандар саны 15 мыңнан асты
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

3 шілде күнгі мәліметтер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 130,

Алматы қаласында - 27,

Қостанай облысында - 26,

Жамбыл облысында - 14,

Шығыс Қазақстан облысында - 12,

Атырау облысында - 15,

Ақмола облысында - 9,

Маңғыстау облысында - 2,

Түркістан облысында - 14,

Батыс Қазақстан облысында - 12,

Павлодар облысында - 14,

Қарағанды облысында - 57,

Қызылорда облысында - 83 адам ауруынан жазылып шыққан.

Бүгінгі күнге дейін елімізде барлығы 15276 науқас коронавирус инфекциясын жеңіп, ауруханадан үйіне қайтарылған.

Соңғы мәліметтер бойынша, өткен тәулікте COVID-19 жұқтырған 1501 адам тіркелген еді. Осылайша, Қазақстанда коронавирус диагнозы расталғандар саны 44 075-ке жетті.

Сондай-ақ, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте денсаулық сақтау вице-министрі коронавирустан болған өлім-жітім статистикасын жариялады.

Оның айтуынша, елімізде қауіпті дерттен қайтыс болғандар саны 200-ге жеткен.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Мемлекетік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетованың қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863416-elimizde-koronavirusty-zeip-sykkandar-sany-15-mynan-asty/