RU

Белгілі спорт журналисі өмірден өтті

Бүгін таңертең қазақстандық танымал спорт журналисі және комментатор Диас Омаров өмірден озды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: Depositphotos

Қазақстанның спорт баспасөз қызметі қауымдастығының президенті Ілияс Омаровтың айтуынша, Диас Омаровтың өмірден озғандығы туралы қайғылы хабар тосыннан болған.

"Өйткені, жасы біразға келгеніне қарамастан ол спорттық өмір салтын ұстанып және де аптасына бірнеше рет көптеген достарымен бас қосып, сүйікті футболында доп қуалайтын еді. №1 спорттың көптеген жанкүйерлері оны футболдың арқасында білді.
Диас Омаровтың әкесі - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс жылдарында ең жас сауда халық комиссары, кейінен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы және Мәдениет министрі болған, ашқұрсақ балалық шақты бастан кешірген Ілияс Омаров балаларының шымыр болып өскендігін қалап, үлкен ұлын футболға алып келген екен", - деп еске алады Қазақстанның спорт баспасөз қызметі қауымдастығының президенті.

Айта кетейік, Диас Омаров 1940 жылдың 20 қазанында дүниеге келген. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөлімшесінде білім алған.

1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан "Хабар" телеарнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863525-belgili-sport-zurnalisi-mirden-tti/