Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент дәрі-дәрмектерді негізсіз қымбаттатқандар жауапқа тартылатынын айтты

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тұрғындарының дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды екенін, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Depositphotos

Президенттің Twitter парақшасында жазуынша, үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапысырылған.

"Азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбатауына байланысты шағымдары орынды. Пандемия кезінде бұған жол беруге болмайды. Үкімет пен құқық қорғау органдарына аталған мәселені реттеу тапсырылды. Кінәлілер жауапқа тартылады", - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетсек, осыған дейін елімізде дәрі жетіспеушілігі туындағанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 және пневмониямен ауыратындарға дәрі-дәрмекті тегін беруді тапсырғанын хабарлаған едік.

Науқастарға міндетті медициналық сақтандыру аясында антибиотиктер мен температураны түсіретін дәрілер берілуі тиіс. Дәрі-дәрмектерді жеткізу ақысыз болады. Оларды клиника жанындағы мобильді топтар тарату керек.

Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті хаты қала мен облыс әкімдіктеріне жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863536-prezident-asa-kazetti-dri-drmekterdi-negizsiz-kymbattagandar-zauapka-tartylatynyn-ajtty/

pixel