RU

Елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 232-ге жетті

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қазақстандағы коронавирус бойынша соңғы статистикалық мәліметтерді айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус инфекциясынан бір тәулікте 18 адам көз жұмған. Осылайша, елімізде қауіпті дерттен көз жұмғандардың саны 232-ге жеткен.

Цой ұсынған ақпаратқа сәйкес, Covid-19 вирусы 47 171 адамнан анықталды. Ол өсім 3,2 пайызға жеткенін мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін бүгіннен бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Осы уақыт аралығында қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863561-elimizde-koronavirustan-kajtys-bolgandar-sany-232-ge-zetti/