RU

Елімізде коронавирус індетінен көз жұмғандардың саны 264-ке жетті

Қазақстанда соңғы бір аптада коронавирус инфекциясынан 76 науқас қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC
"30 маусым мен 6 шілде аралығында Ақмола облысы 9 науқас, Алматы облысында 3 науқас, Атырау облысында 7 науқас, Шығыс Қазақстан облысында 1 науқас, Жамбыл облысында 2 науқас, Батыс Қазақстан облысында 7 науқас, Қызылорда облысында 1 науқас, Қарағанды ​​облысында 24 науқас, Маңғыстау облысында 5 науқас, Солтүстік Қазақстан облысында 4 науқас, Түркістан облысында 2 науқас, Павлодар облысында 1 науқас, Нұр Сұлтан қаласында 2 науқас, Алматы қаласында 4 науқас, Шымкент қаласында 4 науқас Covid-19 вирусынан көз жұмды.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады. Қазақстан Республикасында барлығы 264 адам өлімі тіркелді", - делінген хабарламада.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 48 574 адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың жарымға жуық науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863661-elimizde-koronavirus-indetinen-kz-zmgandardy-sany-264-ke-zetti/