RU

"Айтарым бар": Дене қызуымен қыз ұзатпақ болған ару желіде ақталды (видео)

Дене қызуы көтеріліп тұрса да, тойда өнер көрсетпек болып ел қаһарына ұшыраған ару өз шындығымен бөлісті. Бойжеткен желіні шулатқан фотосы үшін халық алдында ақталып, оның карантинге дейін жасалынғанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр.
Фото: видеодан кадр.: Facebook

Жазира Алматова өзінің Instagram парақшасында наразы халыққа үндеу жасап, өз шындығын баяндады.

Оның айтуынша, ел ашуын тудырған фото бұдан ертеректе жасалынған. Бойжеткен суретті белгісіз біреулер өзінің атына кір келтіру мақсатында таратқан деп есептейді.

"Қайырлы күн, достар. Мен Жазира Алматова. Желіде мен туралы айтылып жатқан қаңқу сөздерге қатысты айтарым бар. Бұл сурет бірнеше уақыт бұрын салынған болатын.

Соны белгісіз желі қолданушылары өздеріне көшіріп алып, Инстаграмға, блогерлерге, жұлдыздарға таратып жіберген. Әзірге не мақсатпен істегені белгісіз.

Осы карантин уақытында мен де оқшауланып жаырмын. Мен де отбасым мен туған-туыстарымның денсаулығы үшін алаңдаулымын. Індеттен тезірек шығып, қалыпты өмірімізге қайтып оралуымызды Аллаға тағала нәсіп етсін. Тырнақтың астынан кір іздемейік. Аман болыңыздар" , - деді ол.

Ақталып жатқан арудың видеосы qaz.stars парақшасында жарияланған.

Айта кетейік, дене қызуы 39 градус бола тұра, қыз ұзатуға бекінген ару желідегілерден оңбай сөз естіген болатын. Көпшілік оны вирусқа немқұрайлы қарап жатқаны үшін сөккен.

Кейіннен желіде шу тудырған фотодағы арудың кім екені анықталды. Ол Жазира Алматова есімді Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863681-ajtarym-bar-dene-kyzuymen-kyz-zatpak-bolgan-aru-zelide-aktaldy-video/