Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырғандарға тыныс алу жаттығуларының пайдасы бар ма

Опубликовано:

Астана медицина университеті Балалар инфекциялық аурулары кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы, инфекционист-дәрігер Баян Тұрдалина ел тұрғындарына коронавирустың жедел кезеңінде тыныс алу жаттығуларын жасау зиянды екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Бұл туралы Баян Тұрдалина оңтүстік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, кез келген адам коронавирусты жұқпалы процесс екендігін ұмытпауы тиіс.

"Әрине, жұқпалы процесс кезінде өкпеде, жалпы ағзада әртүрлі өзгерістер болуы мүмкін. Жалпы, тыныс алу жаттығулары тиімді. Алайда, жедел кезең аяқталғаннан кейін ғана. Кез келген инфекциялық аурулардың жедел кезеңіндегі тыныс алу жаттығуы немесе басқа да физиотерапиялық әдістер тек зиянын тигізеді", - деді инфекционист-дәрігер.

Баян Тұрдалина тыныс алу жаттығуын пациент стационарда негізгі емін алып болып, үйіне жіберілгеннен кейін ғана жасауы қажет екенін жеткізді.

"Бұл жаттығулардың өкпе қызметін қайта қалпына келтірудегі маңызы өте зор", - деді білікті маман.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 50 мыңға жуық адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың бір жүз тоғыз науқас тіркелді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егілетінін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863704-koronavirus-zktyrgandarga-tynys-alu-zattygularyny-pajdasy-bar-ma/

pixel