RU

"330-ының жағдайы ауыр": Елімізде 28 мың адам пневмониямен стационарда жатыр

Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ажар Гиниятқызы қазіргі уақытта Қазақстан бойынша 28 мың адам пневмониямен ауырып жатқанын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті.

Оның сөзінше, осы 28 мың науқастан коронавирус инфекциясы табылмаған.

"Бізден пневмония статистикасын жиі сұрайды. Бүгін Қазақстанда бойынша станционарларда ПТР нәтижесi теріс пневмониямен 28 мың пациент ем алып жатыр. Оның 98,9 пайызы орташа ауыр деп бағаланады. 330 адамның жағдайы ауыр", - деді Ажар Гиниятқызы.

Сонымен қатар, вице-министр елде жіті вируспен және тұмаудың әр түрімен ауырып жатқан 4 мыңнан астам адам тіркелген.

Биыл маусым айында Қазақстанда 600-ден астам адам осы пнемония салдарынан көз жұмды.

Соңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 50 мыңға жуық адамнан анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша мың бір жүз тоғыз науқас тіркелді.

Айта кетейік, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың ел ішіне кең таралуына адамдардың жауапсыздығы мен немқұрайлығы да себеп болып отырғанын атап өткен еді.

Вице-премьер елдегі күрделі жағдайдан шығу үшін әр адам жауапкершілік танытуы қажет екенін айтты. 

Сондай-ақ бұған дейін эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары енгізілгенін жазған болатынбыз.

Шектеу шаралары кейін 2 аптаға ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863729-330-yny-zagdajy-auyr-elimizde-28-my-adam-pnevmoniamen-stacionarda-zatyr/