Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

RAMS Qazaqstan: 23 жыл үшін бірнеше дағдарысты бастан кешірдік

Опубликовано:

RAMS Qazaqstan
Фото: Facebook

Бүгінгі күні жабылып жатқан компаниялар саны едәуір артқан. Бұл тұрғыда ірі компанияларға төніп тұрған қауіп аз десек те, олардың өзі қазіргі орын алып отырған экономикалық жағдайда тұрақтылық мәселесін анағұрлым тиімді түрде шешуге мәжбүр болып отыр. Қазіргідей аласапыран кездегі ең жақсы инвестиция - жылжымайтын мүлік.

Бүгінде сарапшылар болжам жасауға келгенде аса сақтық танытып отыр. Алайда олардың барлығы бастапқы нарықтағы баспана құны өседі деген пікірде. Бұл тұста RAMS QAZAQSTAN құрылыс компаниясының бас директоры Фарук Булбул сарапшылар болжамына қатысты пікір білдіріп, жылжымайтын мүлік саласында орын алуы мүмкін өзгерістер жөнінде айтып берді.

- Қазіргі күні нақты болжам жасауға батылдығы жететіндер аз. Барлығы да әліптің артын бағып отыр. Жалпы, орын алып отырған мәселеге қатысты пікіріңіз қандай?

- Жылжымайтын мүлік нарығы экономикалық өзгерістерге аса тәуелді. Сарапшылардың болжам жасауға аса сақтықпен қарап отырғанын түсінемін, себебі жағдай тұрақсыз болып отыр. Біздің елдегі жағдайға келер болсақ, мәселен, құрылыс материалдары бағасының қымбаттауы баспананың түпкілікті құнына әсер етеді. Бірақ біз бұрынғы бағаны қолымыздан келгенше ұстап тұруға тырысамыз.

RAMS Qazaqstan: 23 жыл үшін бірнеше дағдарысты бастан кешірдік

- Әлемде жаһандық өзгерістер орын алуда, қоғамдағы көңіл-күй де мәз емес. Осыған қатысты не айтасыз?

- Біз үшін дағдарыс әдеттегіден қарқындырақ жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы мен елде және әлемде дағдарыс орын алған кезеңде сабыр сақтап, бойымды жинақтауға үйрендім. Бұл біздің компания үшін бірінші дағдарыс емес. RAMS QAZAQSTAN 23 жылдан бері белсенді түрде жұмыс істеп келеді. Бізді ешқандай дағдарыс тоқтата алған жоқ. Ал кей кезеңдер біз үшін тіпті пайдалы болды деп айта аламын. Мәселен, қазіргі жағдайда All-in-one инновациялық жүйесіне деген қызығушылық артып отыр. Бұл әзірге тек қана Нью-Йорк, Лондон, Стамбул секілді әлемнің мықты қалаларында ғана қолға алынған жаңа әрі бірегей жүйе. Енді бұл жүйе Алматыға да келді. Біз оны ORTAU тұрғын-үй кешеніне алғаш рет енгіздік. Мәселен, сізге Атыраудан қонақтар келді делік.

RAMS Qazaqstan: 23 жыл үшін бірнеше дағдарысты бастан кешірдік

Енді сіз оларды қайда жатқызам деп бас қатырмайсыз. Егер сіз ORTAU кешенінің тұрғыны болсаңыз, сіз өз пәтеріңізден бөлек қонақ үй нөмірлері, конгресс-бөлме, бейресми кинозал, лаундж, караоке, музыкалық студия, спорт-плейстейшн бөлмесі және т.б. басқа осы сынды 18 бөлмеге иелік ете аласыз.

Бұл бөлмелерді минималды сомаға жалға алып, оларды үйден шықпай-ақ, өз қалауыңызша пайдалануға мүмкіндігіңіз бар. Әсіресе, карантин кезінде бұл өте өзекті.

RAMS Qazaqstan: 23 жыл үшін бірнеше дағдарысты бастан кешірдік

- Қазірдің өзінде компаниялардың жабылып жатқанына куә болып отырмыз. Сарапшылар жуық арада жағдай нашарлайтынын болжап отыр. Осыған қатысты пікіріңіз қандай?

- Бұл бүкіл әлемде орын алып отырған жағдай. Сондықтан қорқа берудің қажеті жоқ. Өміріміздің жақсы сәттерін де ұмытпайық. Ал бізге келер болсақ, біз ірі халықаралық деңгейдегі, жұмыс тәжирібесі мол компаниямыз. Кез келген дағдарысқа дайынбыз.

RAMS Qazaqstan: 23 жыл үшін бірнеше дағдарысты бастан кешірдік

Пандемия жарияланғалы біздің компаниямыздың жұмыссыз отырған бір де бір күні болған жоқ. Жұмысшыларымыздың орнын сақтап қалдық. Басқа қаладан келіп істейтіндерге уақытша баспана ұсындық, ал наурыз айында Rams Luxury және Sakura деп аталатын тұрғын-үй кешендерін пайдалануға бердік. Қазіргі таңда өзге нысандардың құрылысын жалғастырудамыз. Өз клиенттеріміз бен жалға алушыларымызға төлем мерзімін кейінге шегердік. Өз міндеттемелерімізді орындап отырмыз және болашақта да орындай береміз. Бізге клиенттеріміздің сенімінен шығу аса маңызды. Rams QAZAQSTAN әр клиентінің жайлы баспанаға ие болу арманын жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Қандай жағдай болмасын, жақсыдан үміттену керек. Қиындықтардың уақытша болатынын ұмытпау керек, әр сәттен ләззат алып, қуануға себеп табуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863739-rams-qazaqstan-23-zyl-sin-birnese-dagdarysty-bastan-kesirdik/

pixel