Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Новости русской службы Би-би-си

Бразилия президентінен COVID-19 анықталды

Опубликовано:

Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінен коронавирус анықталғанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы BBC-дің ресейлік қызметіне сілтеме жасап.

Жаир Болсонару. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев
Жаир Болсонару. Фото: РИА Новости / Михаил Климентьев: Facebook

Бұған дейін коронавирустың қаупін мойындамаған Бразилия президенті өзінің тест сынамасынан Covid-19 инфекциясы анықталғанын растады. Мемлекет басшысы дене қызуы көтерілгеннен кейін төрт рет анализ тапсыруға мәжбүр болған.

Сонымен қатар, ол өзін жақсы сезінетінін, аурудың жеңіл формада өтіп жатқанын жеткізді. Президент жексенбі күні денсаулығы нашарлағанын мәлім етті.

Сенбі күні 65 жастағы Болсонару АҚШ елшісімен кездесу сәтінен фото жариялаған болатын. Суретте президенттің маска тақпағаны көрінеді. Бұған дейін дәрігерлер оның өкпесін тексеріп, ешқандай ауытқу таппаған.

Сонымен қатар, Бразилия президенті бұған дейін Covid-19-дың жай ғана тұмау екенін бірнеше рет мәлімдеген. Сондай-ақ ол әлеуметтік арақашықтық сақтау шаралары мен маска тағудан да бас тартқан екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін қалаң көрермендерге "Терісқақпай" театры арқылы танылған белгілі актер Дархан Дайырбектің өмірден озғанын хабарлағанбыз.

Қаралы хабарды журналист әрі қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863920-koronavirusty-kaupin-mojyndamagan-brazilia-prezidentinen-covid-19-anyktaldy/

pixel