Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер кеңесі: Карантинде балаға қандай күтім керек

Опубликовано:

Алматы қаласының педиатр-дәрігері карантин кезінде балаға қандай күтім керек екенін, аурудың алдын алу үшін сақтық шараларының қаншалықты пайдалы екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Айқын газетіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
Медицина қызметкері тұрғындары ең бірінші үйді таза ұстауға шақырды. Сондықтан кір сабын мен хлор ерітіндісімен барлық бөлмелерді күнде сүртіп отырған жөн.

Дәрігердің сөзінше, негізінде балаға ең қажеті мыналар:

  • Жүйелі түрде 4-5 мезгіл тамақтану;
  • Күнделікті әр 6 сағат сайын  екі аскорбин қышқылын қабылдау;
  • Күндізгі сағат 10.00 мен 13-00 аралығындағы  күн сәулесі балаға өте пайдалы. Сол аралықта баланы далаға шығарып тұру қажет;
  • Қолдың айран, сүт секілді өнімдерді мүмкіндігінше үзбей беру;
  • Тәтті, салқын тағамдарды шектеу;
  • Күніне жоқ дегенде 100 гр ет тағамын жеу керек;

Еске сала кетсек, осыған дейін педиатр Ғалия Сейдалиева ыстығы көтеріліп, жөтелген балаға қандай дәрі беру керектігін айтқан болатын.

"Әр баланың ағзасы әртүрлі болады. Біреуге ибуфен әсер етсе, енді біреуге парацетамолдың көмегі тиеді. Біріне дәріден гөрі сироптың пайдасы көбірек тиеді. Оған қоса, әр дәрінің мөлшерін баланың салмағына қарай есептеп берілуі керек", - деді ол.

Дәрігер баланың ыстығы көтерілгенде ибуфен мен парацетамолдың қайсысын беру керектігін айтты.

"Шыны керек, маған көп қойылатын сұрақтың бірі – осы. Педиатрияда негізінен осы екі дәріні пайдаланады. Екеуінің әсері де екі түрлі. Мысалы, парацетамол аурудың тура орта тұсынан әсер етіп, дене қызуын қалпына келтіреді. Ибуфен – ауырсынуды тез басып, ыстықты түсіріп, асқынып кетуіне жол бермейді.
Баланың ыстығы парацетамолдан кейін түспесе, араға 30-40 минут салып ибуфен беруге болады. Бірақ дәрі берген дұрыс деп, бірінен соң бірін беруге де болмайды. Парацетамолдың арасы 4  сағат болса, ибуфенді бергенде 6 сағат аралықты сақтаған жөн. Аспиринді балаға мүлдем беруге болмайды. Дұрысы, баланың ыстығы көтерілсе, дәрігерге хабарласып, қаралу керек", - деп түсіндірді Ғалия Сейдалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864068-driger-keesi-karantinde-balaga-kandaj-ktim-kerek/

pixel