Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде карантин режимі созыла ма: Министр көпті мазалаған сауалға жауап берді

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі елімізде карантин режимін ұзарту немесе аяқтау туралы шешім қай күні шығатынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтып берді.

Оның сөзінше, қатаң карантиннің нәтижесі вирустың инкубациялық кезеңі, яғни 14 күн өткеннен кейін анықталады.

Себебі осы уақыт ішінде инфекция жұқтырғандардың симптомдары анық байқалады. Сол кезде коронавирустың таралу статистикасынан шектеу шараларының тиімділігін көруге болады.  

"Карантин режимін ұзарту немесе аяқтау туралы шешімді келесі аптада нақты статистикалық мәліметтер шыққан соң өзіміздің және шетелдік мамандармен бірлесе отырып қабылдаймыз", – деді Алексей Цой.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 53 021 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Өткен тәулікте республика бойынша қауіпті дертті жұқтырған тағы 1962 адам тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін 5 шілдеден бастап Қазақстанның барлық аймағында 14 күндік шектеу шаралары күшіне енді.

Осы уақыт аралығында қандай нысандардың жұмыс істейтінін, қандай нысандардың қызметіне тыйым салынғанын сілтемеден оқи аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864096-elimizde-karantin-rezimi-sozyla-ma-ministr-kpti-tolgandyrgan-saualga-zauap-berdi/

pixel