RU

Елімізде қарызы бар адамдарға қатысты ереже өзгерді

Қазақстанда шетелге шығуға тыйым салынған борышкерлердің берешегі туралы әуежайда емес, одан ерте – ұшуға бес жұмыс күні қалғанда хабардар етіледі деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Depositphotos

Мемлекет басшысы 27 маусымда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізуді және қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойған.

Заң 2020 жылғы 8 маусымда күшіне енді.

"Аталған заңмен атқарушылық іс жүргізу туралы заңның нормасына елден шығуға тыйым салу бойынша жаңа жеңілдетілген шектеу шаралары енгізілді. Заң нормасымен берешек шегі ұлғайтылды, одан асып кеткен кезде елден шығуға уақытша шектеу қолданылады. Бүгінгі күні шығуға тыйым салу 20 айлық есептік көрсеткіштен артық қарыз болған жағдайда қолданылса, енді бұл шек 40 АЕК-ке дейін көтерілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сот орындаушысының қалауы бойынша әрекет ету өкілеттігін қысқарту мақсатында елден шығуға тыйым салу алдында бес жұмыс күні бұрын борышкерге хабарлау туралы норма енгізілгені белгілі болды.

Яғни, бұрын борышкерлер қойылған тыйымдар туралы тек ұшу кезінде біліп, оларды рейстерден түсіріп алатын болса, енді алдын ала хабардар етілетін болады.

Ведомство мәліметінше, елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімдері, тәртібі мен негіздері, оның ішінде оның күшін жою мерзімдері мен негіздері қайта қаралған.

Осыған сәйкес, қазір уақытша шектеулерді сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде емес, бір күн ішінде күшін жояды.

Айта кетейік, Түркия билігі Қазақстан азаматтарының елге кіруіне тыйым салу туралы шешім қабылдаған еді. Шектеу екі аптаға енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864138-elimizde-karyzy-bar-adamdarga-katysty-ereze-zgerdi/