Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысының бас санитар дәрігері қайтыс болды

Опубликовано:

Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: taldykorgan-online.kz
Фото: taldykorgan-online.kz: Instagram

Өңір әкімінің баспасөз қызметі аталған ақпаратты растап отыр. Өлімнің нақты себебі туралы әлі хабарланған жоқ.

"Бүгін менің тікелей басшым Қайрат Баймұхамбетов дүниеден озды. Бұл туралы таңертең белгілі болды. Мен ол кісіге алғыс айтып үлгермедім, сол себепті көңілім құлазып отыр. Жаныңыз жаннатта болсын, құрметті Қайрат Қажыманұлы", - деді Алматы облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Әлия Шағиахмет Facebook желісіндегі парақшасында.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "Гигиена, санитария және эпидемиолог" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан өңірлік университетінде "Құқықтану" мамандығында білім алды.

2019 жылдың 23 мамырынан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, осыған дейін Өскемен полиция басқармасының бастығы Дәуір Ыбыраевтың көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Шығыс Қазақстан облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, қаланың бас полицейі денсаулығына байланысты еңбек демалысында болған. Ол кеше өмірден өткен.

"Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы Ыбыраев Дәуір Болатұлының қайтыс болғаны туралы үлкен өкінішпен хабарлаймыз", – делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полиция полковнигі Дәуір Ыбыраев – Семей қаласының тумасы. Ведомстволық жоғары оқу орнын бітірген соң 2000 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысы жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет еткен.

Сонымен қатар Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерін басқарған. 2016 жылдан бері Өскемен қаласы полиция басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

Өзінің кәсіби біліктілігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен әріптестері мен азаматтар арасында лайықты беделге және құрметке ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864249-almaty-oblysyny-bas-sanitar-drigeri-kajtys-boldy/

pixel