Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы бас санитар дәрігерінің өлімі туралы тың дерек шықты

Опубликовано:

Бүгін Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов өмірден өтті. Марқұмның пневмониядан көз жұмғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі: Instagram

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің сөзінше, Қайрат Қажыманұлы пневмониядан көз жүмған.

Ал Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Facebook желісіндегі парақшасында марқұмның жақындарына көңіл айтты.

"Қайрат Қажыманұлының туған-туыс жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Ол Гиппократ антына берік болып, індетпен күрес кезінде көз жұмды", - деді өңір басшысы.

Қайрат Баймұхамбетов 1964 жылы 16 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын "Гигиена, санитария және эпидемиолог" мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан өңірлік университетінде "Құқықтану" мамандығында білім алды.

2019 жылдың 23 мамырынан бастап тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы, Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері қызметін атқарды.

Қайрат Қажыманұлы үш баланың әкесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864266-almaty-oblysyny-bas-sanitar-drigerini-limi-turaly-ty-derekter-pajda-boldy/

pixel