RU

Президент дәрі-дәрмек бағасын қолдан қымбаттату мәселесіне қатысты пікір білдірді

Бұгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Оның барысында мемлекет басшысы дәрі-дәрмектер бағасының шамадан тыс қымбаттау мәселесін көтеріп, оны тез арада шешуді тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Twitter желісіндегі AkordaPress парақшасына сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Президент індет кезінде дәрі-дәрмекті қымбатқа сатып пайда тапқысы келгендерді қатаң түрде жауапқа тарту керектігін айтты.

Біз қазір дәрілердің жетіспеушілігі мен оның бағасын қолдан қымбаттату мәселесін шешуге мәжбүр болып отырмыз. Бұл жағдайды тез арада реттеп, барлық өңірді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету керек. Жұмыс жүргізілуде. Енді нәтиже керек.
Індет кезінде осындай жолмен пайда тапқысы келгендерді қатаң жауапқа тарту қажет. Менің тапсырмамнан кейін бұл бағытта жұмыс басталып кетті. Оны соңына дейін жеткізу керек. Себебі бұл – түптеп келгенде, ұлттық қауіпсіздік мәселесі" , - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Оның барысында Тоқаев бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.

Президент денсаулық сақтау министрлігі басқаруында бірқатар өрескел қателіктер жібергенін айтты. Оған қоса, ол әкімдердің атқарған жұмысына көңілі толмағанын жасырмады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы алдағы уақытта жіберілген олқылықтарды анықтайтын арнайы комиссия құруды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864312-prezident-dri-drmek-bagasyn-koldan-kymbattatu-mselesine-pikir-bildirdi/