Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе тұрғыны банкоматтан ұрланған ақшаны полицейлерге лақтырды (видео)

Опубликовано:

Ақтөбеде банкоматтан жарты миллион теңгеден астам ақша ұрлады деп күдіктелген азамат ұсталды. Күдікті полиция қызметкерлерінен қашып бара жатып оларға ұрланған ақшаларды лақтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды
Кадр видеодан алынды: UGC

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 8 шілде күні орын алған. Ақтөбенің Құрмыш ауданында кезекшілік атқарып жүрген тәртіп сақшыларына компания күзетшілері хабарласып, қара киім киіп, маска таққан күдікті жігітті байқап қалғандарын жеткізді деп жазды "Мой город".

Патрульдік экипаж ақпаратты тексеруге шешім қабылдап, аталған ауданда қызмет етіп жүрген әріптестерімен байланысып, жақын маңдағы бірнеше көшені жауып тастады.

Сондай-ақ олар куәгерлермен сөйлесіп, автокөліктерді тексерді. Сол уақытта кезекші бөлімге жергілікті дүкеннен хабар келіп түскен.

Күдіктіні ұстауға екі сағат уақыт кетті. Ол сол аудандағы аулалардың бірінде қолға түсті.

Тәртіп сақшыларын көрген бойда жігіт қаша жөнелді. Полицейлер оның ізіне түскен. Күдікті қашып бара жатып, сөмкесіндегі ақшаларды құқық қорғаушыларға лақтыра бастаған.

Ақыры полиция қызметкерлерінің бірі күдіктіні қуып жетіп, тұтқындады.

Анықталғандай, ол дүкендегі банкоматты бұзып, ішіндегі ақшаны ұрлап кеткен. Тәртіп сақшылары жол-жөнекей шашылған ақшаларды жинап алды. Жалпы, ұрланған қаражат сомасы 550 мың теңгеден асады.

Күдікті кінәсін мойындап отыр. Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864400-aktbe-trgyny-bankomattan-rlangan-aksany-policejlerge-laktyrdy-video/

pixel