RU

Алматыда тапшы дәріні заңсыз сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталды

Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада жансақтау бөлімінің меңгерушісі халыққа тапшы дәріні сатқаны үшін ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

Алматы қаласының криминалдық полициясына аталған жайтқа қатысты жедел ақпарат келіп түсті. Күдікті Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды.

Жеке тексеру барысында Севофлуран, Цефтриаксон, Меобактрин, Альбунорм, Неоцитотект, Октагам, Архимакс, Меропенем, Годовист және Пропофол сияқты 90 шиша дәрі алынды.

Сонымен қатар, дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден 1 млн 370 мың теңге табыс тапқаны анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін полиция қызметкерлерінің оңтүстік астанадағы дүкендердің бірінде дәрі-дәрмектерді жасырын сатқан екі адамды ұстағанын жазғанбыз.

"Тәркіленген заттардың арасында қытайлық парацетамол да болды. Қазіргі уақытта бұл препаратты Қазақстанға жеткізу арнасы анықталуда. Барлық осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864410-almatyda-tapsy-drini-zasyz-satkan-zan-saktau-blimini-megerusisi-staldy/