RU

Елімізде COVID-19 инфекциясының тағы 1708 жаңа дерегі анықталды

Қазақстанда коронавирус инфекциясының 1708 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішінде 698 жағдайда науқастарда ауру белгілері бар, ал 1010-да аурудың белгілері жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасына сілтеме жасап.

Жалпы республикада 56 455 жағдай расталды, оның ішінде:

Атырау облысында - 7393 (+243),

Алматы қаласында - 7118 (+223),

Нұр-Сұлтан қаласында -6477 (+120),

Қарағанды ​​облысында - 5910 (+ 120),

Шымкент қаласында - 3849 (+80),

Батыс Қазақстан Облысында- 3794 (+95),

Алматы облысында - 3048 (+109),

Шығыс Қазақстан облысында - 2701 (+154),

Түркістан облысында - 2164 (+58) ,

Ақтөбе облысында - 2075 (+87),

Жамбыл облысында - 2039 (+68),

Маңғыстау облысында - 1870 (+76),

Павлодар облысында - 1675 (+59),

Қызылорда облысында - 1639 (+61)

Ақмола облысында - 1615 (+34),

Солтүстік Қазақстан облысында - 1588 (+56),

Қостанай облысында - 1500 (+65) адам тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбедегі жұқпалы ауруларға арналған аурухананың бас дәрігері Қалихан Қозбағаровтың пневмониядан көз жұмғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бас дәрігер соңғы күндері өзі басқаратын ауруханада төсек тартып жатқан. Ол пневмонияға қарсы ем алған, Covid-19 індетіне тапсырған тест сынамасы теріс нәтиже көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864426-elimizde-covid-19-infekciasyny-tagy-1708-zaa-deregi-anyktaldy/