RU

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1798 адамға артты

Қазақстанда коронавирус инфекциясының 1798 жаңа жағдайы тіркелді. Оның ішіндегі 737 жағдайда науқастарда ауру белгілері бар, ал 1061-да аурудың белгілері жоқ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сілтеме жасап.

оооооооооо
Көрнекі фото: pexels.com: UGC

Жалпы республикада 58 253 жағдай расталды, оның ішінде:

Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):

Нұр-Сұлтан қаласы - 88 / 40

Алматы қаласы - 242 / 81

Шымкент қаласы - 137 / 99

Ақмола облысы - 38 / 23

Ақтөбе облысы - 40 / 25

Алматы облысы - 48 / 29

Атырау облысы - 269 / 200

Шығыс Қазақстан облысы - 211 / 150

Жамбыл облысы - 79 / 64

Батыс Қазақстан облысы - 97 / 43

Қарағанды облысы - 158 / 93

Қостанай облысы - 56 / 19

Қызылорда облысы - 91 / 33

Маңғыстау облысы - 72 / 67

Павлодар облысы - 51 / 6

Солтүстік Қазақстан облысы - 65 / 48

Түркістан облысы - 56 / 41 адам тіркелді.

Естеріңізге сала кетейік, ауруханалардағы пациенттерді емдеп жүрген дәрігерлерге көмектесетін еріктілер Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға видеоүндеу жасаған болатын.

Айта кету керек, үкімет Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізетіні белгілі болды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864503-elimizde-koronavirus-zktyrgandar-sany-1798-adamga-artty/