Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандылықтар дауыл туралы ескерту болмағанына наразылық білдірді

Опубликовано:

Қарағанды облысындағы дауылдан кейін Қарағанды мен басқа да жеті елді мекенде жарық сөніп қалды. Желдің екпіні секундына 21 метрге дейін жетіпті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Катпановқа сілтеме жасап.

Қарағандылықтар дауыл жел туралы ескертілмегеніне наразы болды
Дауылдың салдары. Видеодағы кадр: instagram/vkurse_krg: UGC

Синоптиктер ауа райының қолайсыздығы туралы ескертпеген. Тұрғындар мен жедел қызмет көрсетулер бұл жағдайға дайын болмапты. Нәтижесінде, базарлардағы көптеген кәсіпкердің тауарлары желге ұшты: шұлықтар, шыныаяқтар, ұсақ өнімдер, сөрелердегі ыдыстар қираған. Қарағандыдағы бірнеше ірі аудан жарықсыз қалды.

"Қарағандыдан бөлек, Қарағанды ​​облысының Абай және Бұқар жырау аудандарының аумағындағы жеті елді мекен электр қуатынсыз қалды", – деді Мұрат Қатпанов.

Бүгін, 13 шілдеде Қарағанды ​​қаласының көптеген ауданында жарық тек таңғы 4-те берілді. Тұрғындар синоптиктердің секундына 21 метр жылдамдықпен кенеттен тұрған дауылды желді болжап, ескерту жасамағанына наразы.

"Кеше жедел қызметтерден 13, 14 және 15 шілде күндері болатын қатты ыстық туралы хабарлама келді. Мұндай дүлей күшпен соғатын жел туралы бірде-бір сөз болған жоқ", – деді кәсіпкер Наталья Зиновьева. Оның тауарлары ондаған метрге ұшып кетіп, базардың қоршауына соғылған.

Естеріңізге сала кетейік, кенеттен көтерілген дауыл жүздеген тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарын шатырсыз қалдырды. Ағаштар мен жарнама билбордтары құлап, ондаған көлік зақымданған.

Оған қоса, облыстағы қатты дауыл салдарынан 19 жастағы қыз суға батып кеткені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864575-karagandylyktar-dauyl-turaly-eskertu-bolmaganyna-narazylyk-bildirdi/

pixel