RU

Аягөздегі әлеуметтік орталықта тәрбиеленушілер мен қызметкерлер КВИ жұқтырған

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласындағы балаларға арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығыда 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкер коронавирус жұқтырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ орталықтың жаңа директоры Шолпан Мұқашеваның Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Аягөз балалар арнайы орталығының қызметкерлері мен тәрбиеленушілері жаппай КВИ жұқтырды
Фото: instagram.com/ayagoz_cossu: UGC

Шолпан Мұқашеваның мәлімдеуінше, 28 маусымда мекемеден тыс тәрбиеленушілер арасында коронавирус инфекциясының алғашқы екі фактісі тіркелген.

Вирус жұқтырғандардың біреуі демалысқа ата-анасының үйіне кеткен, екіншісі Өскемен психикалық сауықтыру орталығынан келген. Коронавирус расталғаннан кейін балалар аудандық ауруханаға жіберіліп, ем алған. Қазір олар орталықтың оқшауланған бөлмесінде.

"Тест оң нәтиже көрсеткеннен кейін, орталық басшысының 2 шілдедегі бұйрығымен карантин күшейтілді. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мекеменің барлық тәрбиеленушілері мен қызметкерлері үшін COVID-19-те ПТР әдісімен тексеруге қаражат іздеді.
Тексеріс қортындысы бойынша 35 тәрбиеленуші мен 22 қызметкерден оң нәтиже анықталды. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің қызметкерлерімен бірге эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде", - дейді Шолпан Мұқашева Іnstagram парақшасында.

Мұқашеваның сөзінше, тәрбиеленушілер мен мекеме қызметкерлері арасында ведомствоаралық ұйымдардың мамандарының қатысуымен тексеріс жүргізілген. Алайда ешкімде COVID-19 белгілері анықталмаған.

Болжам бойынша инфекция жұқтыру карантин енгізілген уақытқа дейін болған.

Мекеме директорының сөзінше, қазіргі уақытта тәрбиеленушілердің барлығы тәулік бойы медициналық мамандардың бақылауында. Балалардың барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Ауру белгілері байқалмайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО әкімі Даниал Ахметов 5 шілдеден бастап өңірдегі екі ірі қаланың карантинге жабылатынын мәлім еткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864665-aagzdegi-leumettik-ortalykta-kyzmetkerleri-men-trbielenusiler-zappaj-kvi-zktyrgan/