Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда той ұйымдастырушы мен меймандары жазаланатын болды

Опубликовано:

Енді той өткізгені үшін тек мейрамхана иелері ғана емес, той ұйымдастырушылары, атап айтқанда, банкетке ақша төлегендер мен іс-шара қонақтары да жазаланады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда той ұйымдастырушы мен қатысушылары жазаланатын болды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитетінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, бұл жағдайда хаттаманы Ішкі істер министрлігі мен санитарлық қызмет бірге толтырады. Бұл процедура келесідей жүзеге асырылады.

Құқық қорғау органдары той қатысушылары мен ұйымдастырушыларына қарсы хаттама толтыратын санитарларды шақырады. Осылайша, физикалық тұлғаға хаттама толтырылды.

Кінәлілер үшін ең арзан айыппұл көлемі шамамен 84 мың теңгені құрайды. Мұндай санкция Қазақстан Әкімшілік кодексінің 425- бабына сәйкес қарастырылған.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Тараздағы беташардың видеосы тарап кеткен еді. Думанды басқосуда түрлі байқаулар ұйымдастырылған. Аталған видеоға қатысты Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірген болатын.

Одан бөлек, Петропавлда мейрамхананың артқы есігінен кіріп, жасырын той жасамақ болғандар да анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864725-kazakstanda-toj-jymdastyrusy-men-mejmandary-zazalanatyn-boldy/

pixel