RU

Қазақстанда індет құрбандарына арналған жаңа сайт ашылды

медик в маске везет каталку
Фото: Getty

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың аты-жөндері жарияланатын Umytpa.kzсайты пайда болды. Аталмыш сайтты қазақстандық жеті редакция іске қосқан, онда журналистер инфекциядан қайтыс болғандардың нақты санын есептеп шығаруды көздейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Авторлардың пікірінше, ресми статистика елде болып жатқан жағдайдан өзгеше, өйткені өлген адамдардың екі тізімі бар – біреуі вирустан қайтыс болғандардың тізімі, екіншісі – коронавирус инфекциясын жұқтырып, бірақ басқа аурулардан көз жұмғандар.

"Маусым айында пневмония дерті көптеген өлімге себепші болды", - деп жазады авторлар.

Сонымен бірге, ресми ведомстволар пневмониямен ауыратын науқастарға жасалған КВИ тесті теріс нәтиже берді деп мәлімдеген, бірақ пациенттердің өзі бұл тест өткізілмегенін айтыпты.

Сондықтан, журналистер өздері бақылап отыратын және олардың өлімі туралы ақпаратты тексеретін "Ұмытпа" сайтын іске қосуды ұйғарды.

Марқұмның туыстары сайтқа ақпарат жүктей алады және олар тексерілгеннен кейін ғана жарияланады.

Қазір сайтта 50 адамның аты-жөні, сондай-ақ марқұмдардың жұмыс орны және өлімнің ресми себебі жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1864782-kazakstanda-indet-krbandaryna-arnalgan-sajt-pajda-boldy/